СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтиятты 2017-2020 жылдар аралығында басқарған Серікбай қажы Оразбен кездесіп, оған құрмет көрсетті. Қазақы салтпен иығына шапан жауып, кәде-сый табыстады.

«Құрметті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы! Сіз қаншама жылдан бері діни салада аянбай еңбек етіп келе жатқан тұлғасыз. Алла разы болсын! Осында отырған ізбасарларыңыз сізді қашан да мақтан тұтады. Алла Тағала деніңізге саулық, отбасыңызға амандық бергей», – деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде Серікбай қажы Ораз Бас мүфти бастаған ҚМДБ қызметкерлеріне алғадай тілегін жаудырып, ізгі нитетін жеткізді. Серікбай Сатыбалдыұлы дін саласында қызмет етіп келе жатқан мүфтият ұжымына дұға жасады.

ҚМДБ ғимаратында өткен жиынға наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, сонымен қатар мүфтият қызметкерлері қатысты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін