Өзге өкілдіктер Елордаға «Жүрек жылуын» жолдады (ФОТО+ВИДЕО)

Адамзатқа алапатын ала келген коронавирус індеті Қазақ елінде айналып өтпеді. Қазір қаншама адам осы дерттің құрсауында қалып, ауыртпашылықтың қиын-қыстау күндерін бастан өткізуде. Екі бірдей іргелі шаhар карантинге жабылды.

Осыған орай Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы тапсырма беріп, жергілікті өкілдіктер мүмкіншілігіне қарай қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды тапсырған еді. Аталмыш қайырымдылықты Нұр-Сұлтан қаласына ұйымдастыру үшін Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы имамдар қайырымдылық қаражаттын ортақ қорға жинап, елордалық 500 отбасыға 7 тонна азық-түлік жөнелтті.

Алдағы уақытта да мұндай ізгілік шаралар жүйелі ұйымдастырылмақ.

Дереккөз: nasihat.kz

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін