БАС МҮФТИ: ҚАСИЕТТІ АЙДЫ ЖАМАҒАТПЕН ҚАРСЫ АЛУДЫ ЖАЗҒАЙ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «24 Хабар» телеарнасына тікелей эфирде берген сұхбатында осылай деді.

«Адамды рухани күйзелістен құтқарудың жолдары» атты тақырыпта өрбіген сұхбатта Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Халқымызда «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген мағынасы терең мақал бар. Қасиетті Рамазан айын мешіттерімізде барша жамағатпен қарсы алуға асықпыз. Алла Тағала осы күнді жақындатқай. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде мүміннің амалы ниетіне тәуелді екенін өсиет еткен. Демек, біздің амалымыз, тіршіліктегі әрбір әрекетіміз амалымызға байланысты болмақ. Осы ретте барша мұсылман қауымын дұға жасап, жақсы ниетпен қасиетті айды қарсы алуға шақырамын» деді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін