Қарағандыда қашықтықтан құрбан шалу рәсімі өтті (фото)

Бүгін бүкіл мұсылман халықтарының ең басты ұлық мейрамы Құрбан Айт мерекесі басталды. Берекелі мейрамда өтетін құрбан шалу рәсімі биыл еліміздегі жағдайға байланысты қашықтықтан жүзеге асырылды.   ҚМДБ тарапынан арнайы qurban2020.kz сайты ашылып, халық сол  арқылы құрбандық шалуға тапсырыс берді.  Құран Кəрімде: «Раббың үшін намаз оқы жəне құрбандық шал» – деген əмір бар. Халықтың аманатын орындау үшін арнайы қаладағы қасапханаларда құрбан шалу рәсімі өтті. Рәсімге  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа арнайы  қатысты. Құран оқылып, дұға жасалды.

Барлық құрбан шалу толық орындалып болған соң құрбан еті қала мен аудандардағы мұқтаж отбасыларға өтініш түскен мекен-жайлары бойынша  жеткізілді.

Алла шын ниетпен берілген садақаның қайтарымын еселеп беретінін бұйырады. Бұған қатысты аяттарда былай дейді:

«Алла жолында мал-мүлкін садақа қылғандар жеті дана бас шығарған, әрбір басында жүзден дәні бар дақылға ұқсайды. Алла қалаған пендесіне еселеп сауап береді. Алла дархан, бәрін білуші» (2.Бақара-261).

Алла Тағала барша мұсылман қауымының бұл күндері шалған құрбандықтарын қабылдыққа жазып, атқарған әрбір ізгі амал-әрекеттеріне сауаптан жазғай! Құрбан айт құтты болсын!

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін