«Жыржыс» қажы мешіті: «Қайырымдылық ісіңнен көрінсін»

ҚМДБ-ның «Әр аптаға бір шара» тақырыбы аясында Бұқар жырау ауданының «Жыржыс» қажы мешітінде қайырымдылық шара жүзеге асты. Мешіттің бас имамы Рустем Акошевтің ұйымдастыруымен аймақтың көмекке мұқтаж отыз отбасына кішігірім азық түлік пен аяқ киім үлестіріліп берілді. Берекелі шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінен арнайы бақылау-басқару жұмысы бойынша қызметтік іс-сапармен келген облыс наиб имамы Хумар Қоныскерей игі шараға қатысып, жиналған қауымға отбасы, бала тәрбиесіне байланысты өзінің уағыз-насихатын жеткізді. Жиналған қауым осындай игі істі ұйымдастырған мешіт ұжымына үлкен алғыстарын білдіріп, риза болып тарқасты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін