Ақтоғай аудандық мешітінде дәріске қажетті жабдықтар сыйға тартылды

Расында, адамның ең жақсысы ‒ басқаларға пайдалы болғаны, ал амалдардың ішіндегі Аллаға ең сүйіктісі ‒ адамдардың жүрегіне қуаныш сыйлау. Құранда Алла Тағала: 

«...Жақсылықты ықыласпен істеушілерді қуандыр!» ‒ деп бұйырады. («Хаж» сүресі, 37-аят)

Ақтоғай аудандық мешітіне демеушінің көмегімен  шәкірттердің дәріс алуына арналған жиырма стол және қырық  орындық сыйға тартылды. Айта кетейік, аталмыш мешітте шәкірттерге бірнеше пән бойынша дәрістер жүргізіліп келеді. Осы орайда, ізденіс пен білім алу үшін оқуға қажетті жабдықтар мешіт үшін де шәкірттер үшін де таптырмас дүние еді. Осы орайда мешіт ұжымы мен шәкірттер осындай сауапты һәм берекелі істі жүзеге асырып, демеушілік еткен жомарт жанға үлкен алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Мешітке келген оқу жиһазын шәкірттер бір ауыздан қуана құрастырып, сыныпқа орналастырып та үлгерді.  Алланың Мейірімі қандай шексіз болса, мейірімділік пен қайырымдылыққа, жақсы амалдарға беретін Оның қайтарымы да сондай кең болары сөзсіз. Ендеше, жалғыз Алланың разылығын табу жолында аянып қалмай, қайыр қылудан қалыс қалмайық.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін