Қарағанды облысында алғашқы қоспа әзірлейтін про технологиялық кәсіпорын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «халал» сертификатын иеленді. Мекемеге арнайы тексеріс жұмыстарын «Халал Даму» ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы жүргізіп, кәсіпорынның 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарының талаптарына сай екендігін растады. Мекеме өнімдерінің халал стандарттарына сай екендігін куәландыратын сертификат Қарағанды облысына қараст «Қазыбек би» мешітінде табысталды.
ihsan.kz
Пікірлер