«Бала бауыр етің», «Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі болашағымыз» деп ұрандаймыз. Бірақ, балаға дұрыс тәрбие беру, оны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіп жетілдіру, оқыту, елін-жерін қорғайтын азамат етіп өсіру – әрбір ата-ананың басты міндеті.
Ата-бабаларымыз ықылым заманнан бері отбасы-ошақ қасы бала тәрбиесіне аса мән беріп, жауапкершілікпен қараған. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген қанатты сөздерінен бабаларымыздың бағзы заманнан-ақ бала тәрбиесіне мән бергенін байқаймыз.
Осы айтылғандарды назарға ала отырып, біздің қазіргі қоғамда ата-ананың яғни, қыз баланың тәрбиесіне жауапты – ананың, бала тәрбиесіне жауапты – әкенің отбасындағы рөлі қандай, деген сұрақ өздігінен туындайтыны рас. Осы орайда ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы жергілікті «Сарыарқа» арнасында өткен «Ойталқы» ток-шоуына қатысты. «Жастардың жыныстық тәрбиесі» тақырыбында өрбіген бағдарлама барысында бүгінгі жас ұрпақтың тәрбиесіне қатысты бірнеше өзекті мәселер жөнінде ой өрбіді. Толығырақ төмендегі бағдарламаның толық нұсқасынан көре аласыздар.
Пікірлер