Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жамағатпен бірге оқылған таң және құптан намазына берілетін сый
29 сәуір, 2021 жыл 107 Басып шығару нұсқасы

Абу Хурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі (): «Жамағатпен бірге оқылған таң және құптан намазына берілетін сый туралы білгендеріңде,  онда еңбектеп болса да мешітке жеткен болар едіңдер», - деген екен. Абу Хурайра (р.а.) риуаят еткен тағы бір хадисте Пайғамбар () айтқан: «Жамағат намазы біреуіңнің жалғыз оқыған намазыңнан 25 есе артық және таң намазына түнгі періштелер мен күндізгі періштелер жиналады». Сосын Абу Хурайра (р.а.): «Қаласаңдар «Расында, таң намазына періштелер де қатысады»,- деген Исра сүресінің 78-аятын оқыңдар», - деді. (Имам Бухари, имам Муслим).

Бұл хадистерде таң намазын жамағатпен оқудың абзалдығы айтылып тұр. Ибн Аббас (р.а.) риуаят етуінше: «Құлшылықты қаза қылу дегеніміз намазды оқымай қалдыру емес, оған немқұрайлылық танытып, өз уақытында оқымау», - деп айтқан (ат-Табарани). Намазға немқұрайлылық таныту, оны өз уақытында орындамау екіжүзділіктің белгісі. Бұл жайлы Құран Кәрімде: «Сондай намаз оқушыларға нендей өкініш! Олар намаздарын немқұрайлы оқиды. Олар көрсету үшін оқиды» (Мәун сүресі, 4-6 аяттар). Сырты жылтырап, іші қалтырап тұратын сапасыз заттай болмас үшін, ішкі жан-дүниемізді байытуымыз қажет.

Осы ретте намаз оқушы бауырларымызға төмендегідей ережелерді ұсынып отырмыз:

Таң намазына тұруға көмектесетін 6 ереже

1. Ең бастысы ниет ету. Жатар алдында таңсәріде тұрып, намаз оқуға ниет етіп, Алладан сұрап жатқан адамның дұғасы қабыл болары хақ! Бастысығ жүректен шықса болғаны.

2. Адам өзін ұйқыға ерте жатуға үйретуі тиіс, яғни құптан намазынан соң!

3. Ұйықтар алдында зікір айту: «Субхәналлаһ» (33 рет), «Альхәмдулилляһ» (33 рет), «Аллаһу Акбар» (33 рет);

4. Жалқаулықтан құтылу дұғасын оқу: «Аллаһума иннни әузә бикә минәлһамми уәлһазан уә әузу бикә минәл ажзи уәл кәсәл уә әузу бикә минәл жүбни уәл бухл уә әузу бикә мин ғаләбәтиддәйни уә қаһрир-рижал».  (Иә, Раббым! Қайғы-қасіреттен, дерттен, қабілетсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызымды қайтара алмаудан және адамдардың қысымынан саған сыйынамын. (аль-Хаким, аль-Бухари))

5. Адамның ішкі мүшелері демалу үшін ұйқы алдында тойып тамақ жемеген абзал. Сонда ұйқыдан тұру оңай болады.

6. Сағат тілін әр 5-10 минутта қоңырау шалатын етіп, белгілі бір уақытқа қою қажет. Шаршап ұйқыға қатты кететінін білген адам, өзін оятқанын ескерткені дұрыс.

Көрсетілген ережелерді ескеріп, таң намазына дер кезінде тұрып, дұрыс дәрет алып, Аллаға құлшылығымызды уақытылы орындауды нәсіп еткей!

 

 

    Валиев Ахмадулла

    Балқаш қалалық мешітінің наиб и

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары