Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Сатпаев қаласында «Қарттарым асыл қазынам»,-атты қайырымдылық акциясы жүзеге асты
03 мамыр, 2021 жыл 182 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы, Сатпаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің ұстазы Рахима Әлиханқызының бастамасымен «Әйел-қыздар секторының»  шәкірттерімен бірлесе отырып отырып Сәтбаев қалалық орталық ауруханада жатқан, туыс-туғаны жоқ 17 қарт адамға қайырымдылық шарасы жасалды. Алдымен Сатпаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің асханасында ас дайындалып, қарияларға арналған қоржын толтырылды. «Қарттарым асыл қазынам»,-атты акция бойынша жақындарының қарауынсыз қалып, қалалық ауруханада ем алып жатқан  қария жандарға ыстық ас пен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар үлестірілді. Игі шара «Ән ниса» қоғамдық бірлестігінің ат салысуымен жүзеге асты.  Берекелі шараны жүзеге асыруға ат салысқан барша жомарт жандарға Сатпаев мешітінің имамы Ақпаров Қондыбай Серікбайұлы өзінің алғысы мен ризашылығын білдірді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары