Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шахан кенті: «Сәлкен Молла» мешітінде 500кг шәй үлестірілді
03 мамыр, 2021 жыл 197 Басып шығару нұсқасы

Ислам діні жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани әрі материалдық қырынан жан-жақты қолға алып, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Құран Кәрімнің көптеген аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде бұл анық көрініс тапқан.Алла Тағала:«Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған. Осы орайда, қасиетті Рамазан айында Қарағанды облысына қарасты Шахан кенті «Салкен Молла» мешітінде Ыбрайымбек Көшербай атаның рухына бағышталған игі шара жүзеге асып, жергілікті көмекке мұқтаж жандарға жалпы айтқанда 500 кг шәй үлесірді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жылы сөз де садақа», – деген.Исламды қайырымдылық пен мейірімділік, жақсылық тан тыс қарастыру мүмкін емес. Жақсылық жасау адамның күнәларының өтемі саналады. Сондықтан мұсылмана баласы ұдайы жақсылық жасаудың соңында жүреді. Осындай берекелі һәм сауапты істі жүзеге асыруға ат салысқан жамағат пен жомарт жандарға «Сәлкен Молла» мешітінің имамы Амирханов Сырымхан Мейрамбекұлы өзінің алғысы мен ризашылығын білдірді. Мешіт жамағатымен бірлесіп атқарар игі іс аталмыш мешітте мұнымен тоқталмақ емес.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары