ҚМДБ-ның "30 жылдыққа 30 мың тал егу" акциясына үн қосу мақсатында Қарағанды облысына қарасты Сатпаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітіміздің жамағаты көлік тұрағының айналасына 15 түп терек ағашын отырғызды. Шараға жергілікті тұрғындар мен мешіт жамағыты мен еріктілер тобы ат салысты. Алла елшісі де (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Игі һәм сауапты іс жасауға асығыңдар» (Муслим, иман 186) деп үмбетін ізгілікке шақырды.Жақсылық пен қайырымдылық тек дүние мүлік арқылы емес, қажет кезде қолмен, қажет кезде тілмен жасалады. Жасалатын жақсылықы атаулының бәрі садақаға жатады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кез келген жақсы іс – садақа» деген. Мешіт имамы берекелі істі жүзеге асыруға ат салысқан барша жомарт жандарға алғысын білдірді.
ihsan.kz
Пікірлер