Қарағанды облысына қарасты Әлихан Бөкейхан ауданы «Төлеутай ата» мешітінде "Таза табиғат" акциясы болып өтті. Мешіт айналасының көгалдандыру шарасына жергілікті әкімшілік пен сарбаздардың ат салысуымен 200 қарағай, қайың көшеттері және жеміс ағаштары отырғызылды. Жергілікті мешіт имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлы осы сауапты іске қол ұшын созған барша жомарт жандарға алғысын білдірді.
Алла елшісі бір хадисінде: "Әлдебір мұсылман егер ағаш көшетін отырғызса, немесе егін ексе, кейін оның жемісінен адам жесе де, құс шұқыса да, мал жесе де, ол үшін садақа болып жазылып тұрады".
(Нәсәидің хадистер жинағынан).⠀
Басқа бір сөзінде Алла Елшісі былай дейді:⠀
"Егер қиямет қайым басталып кетіп, әлдебіреулеріңнің қолында құрма ағашының көшеті тұрса, оны ексін" деген.⠀
Осы хадистерді негізге ала отырып имамдар мешіт жамағатымен шәкірттеріне ағаш отырғызу сауапты іс екенін түсіндіріп, тал егуге ат салысты.
Және де қосымша жеміс ағаштарынан алма, алмұрт, қарақат талдарын отырғызды.
Пікірлер