Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Төлеутай ата» мешіті қайырымдылық акциясын жүзеге асырды
04 мамыр, 2021 жыл 214 Басып шығару нұсқасы

Имам Табараниден жеткен хадисте: «Садақа ретінде берілген бір үзім нан Алла Тағаланың алдында Ухуд тауындай үлкейеді» - деп айтылғандай  садақа, қайырымдылық мәселесі дінімізде ойып тұрып орын алады. 
Мамыр айының 3- жұлдызында  Қарағанды облысына қарасты, Әлихан Бөкейхан ауданы «Төлеутай ата» мешітінің ұжымы  жамағатпен бірлесіп «Рамазан - рақымдылық айы» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Рамазан айының құрметіне жасалған бұл іс-шарада мүмкіндігі шектеулі зағип жандарға азық-түлік таратылды. Мешіт имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлы қайырымдылыққа ат салысқан барша жомарт жандарға алғысы мен ризашылығын білдірді. 

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары