Ауызашар беру – сауапты іс. Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты Ас беру өте үлкен сауап болып табылады. Әсіресе аузы берік адамға ас беру – одан да үлкен сауап болады. Ораза тұтқан адамның сауабындай сауапқа қауышады, ораза тұтқан адамның сауабы кемімейді.
Пайғамбарымыз алейһиссалам «Рамазан айында аузы берік адамға су беріп, аузын аштырған адам, анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады» деген. Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылдық мешіті 20 отбасына «Рамазан қоржынын» үлестірді.
«Амалдардың ең құндысы – бір мұсылманның айыбын жабу, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру арқылы оны қуанту» деген хадисте. Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылдық мешітінде Рамазан айының соңғы күндері осылай жалғасып жатыр
ihsan.kz
Пікірлер