Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шәкірттер арасында Құран жарысы өтті
10 мамыр, 2021 жыл 187 Басып шығару нұсқасы

Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.а.с), «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің»- дегендей Қарағанды қалалық «Әл-Машани» және «Балақажы» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында онлаин форматта 30-пара, қысқа сүрелерден Құран Кәрімді жатқа оқу  сайысы өтті.

Абай атамыз: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деген еді.

Қатысушыларды сынақтан өткізуге ұстаз Бақытгүл Айтқалиқызы және ұстаз Жадыра Асылтайқызы  өздерінің әділ бағаларын беруге әділқазылар алқасының құрамында болып, сайысқа қатысушы шәкірттерге және жамағатқа Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде мағыналы уағыз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерімен таныстырып өтті.

Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді. 

Сайыста 14 шәкірт бақ сынасты.

Жарыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махраджына, оқу мәнеріне мән беріліп, нәтижесінде:

І-орын -  Арайлым Нұрылдақызына (20 000 тг)

ІІ-орын -  Динара Ерболқызы (15 000 тг ) және Айғали Гүлдариға (15 000 тг)

ІІІ-орын – Жанар Хавасхагқызы (10 000 тг) және Назерке Сағындыққызы(10 000 тг)

Жүлделі орындарға йе болғандарға да, барлық қатысушыларға да естеліккке сыйлдықтар үлестірілді. Алла Тағала қасиетті Құранды кітап күйінде ғана емес адамдар арқылы, осындай қариларымыз арқылы  сақтап отырады. Сондықтан, бәйгені ұйымдастыру да  Алла жолындағы мәртебелі қызмет.

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары