Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде 500кг шәй үлестірілді
10 мамыр, 2021 жыл 189 Басып шығару нұсқасы

Ислам діні жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани әрі материалдық қырынан жан-жақты қолға алып, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Құран Кәрімнің көптеген аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде бұл анық көрініс тапқан. Алла Тағала:«Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған.                                                   

 Осы орайда, қасиетті Рамазан айында Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен «РАМАЗАН ШУАҒЫ» атты қайырымдылық акциясы өткізіліп, жергілікті көмекке мұқтаж жандарға жалпы айтқанда 500 кг шәй үлесірді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жылы сөз де садақа», – деген.Исламды қайырымдылық пен мейірімділік, жақсылық тан тыс қарастыру мүмкін емес. Жақсылық жасау адамның күнәларының өтемі саналады. Сондықтан мұсылмана баласы ұдайы жақсылық жасаудың соңында жүреді. Осындай берекелі һәм сауапты істі жүзеге асыруға ат салысқан жамағат пен жомарт жандарға «Нұр» мешітінің имамы Ибраев Әсет Наурызбайұлы өзінің алғысы мен ризашылығын білдірді. Мешіт жамағатымен бірлесіп атқарар игі іс аталмыш мешітте мұнымен тоқталмақ емес.

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары