Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Құранға түскен шәкірттерге «Тәж кигізу» рәсімі өтті (ВИДЕО)
12 мамыр, 2021 жыл 224 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Тәж кигізу» шарасы болып өтті. Игі шара Қарағанды қалалық «Әл-Машани» және Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіті ұстаздарының бастамасымен жүзеге асты. Екі дүние сардары  Пайғамбарымыз (с.а.с) “Кімде-кім Құран Кәрімді оқып, онымен амал ететін болса, қиямет күні ата-анасының басына тәж кигізіледі, нұры дүниедегі күн сәулесінен де жарық болады. Енді сіздер Құранмен амал еткендердің сауаптарын өздеріңіз есептеңіздер” ,-деген. Алла елшісінің (с.а.с) осы  хадисін негізге ала отырып Құранға түскен 12 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге және олардың аналарына "Тәж" кигізу рәсімі өтті. Шара қасиетті Құран аяттарын оқумен бастап, кейуана әжелеріміздің батасын алып, ұстаздарның әсерлі уағыздарымен жалғасты. Аталған екі мешіттің қамтамасыз етуімен қонақтарға ауызашар берілді. Бееркелі отырыс барысында аталмыш мешіт ұстаздары Бақытгүл Айтқалиқызы, Ақназарова Гүлжазира және Тапина Карина шараға келген қонақтарға әсерлі уағыз-насихат айтып, сұрақтарға жауап берді. Игі шарада бас қосқан ата-аналар  осындай сауапты қызметте жүріп, шәкірттерге Құран оқытуды үйретіп, білімге баулып жатқан мешіт ұстаздарына үлкен алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. Берекелі шараны төмендегі бейнероликтен тамашалай аласыздар!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары