Қасиетті Рамазан айының соңғы күні Қарағанды қалалық «Балақажы» мешітінде «Әйел қыздар» секторының ұйымдастыруымен жүз адамға «Ауызашар қоржыны» және «Сәресі берекеті» таратылды. Қайырымдылық акциясы медицина қызметкерлеріне, өрт сөндірушілерге, жергілікті шаһар тұрғындарына да үлестірілді. Игі шараны жүзеге асыруға ат салысқан барша еріктілер мен мешіт жамағатына, демеушілік еткен жомарт жандарға «Балақажы» мешітінің имамы Өзінің алғысы мен ризашылығын білдіреді. Алла Тағала Рамазан айында тұтқан оразаларыңыз бен игі істеріңіздің сауабын еселеп жазғай.
ihsan.kz
Пікірлер