Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Балқаш қалалық мешітінде айттық таратылды
17 мамыр, 2021 жыл 160 Басып шығару нұсқасы

Айттың бірінші күні  Балқаш қалалық мешітінің қыздар секторы және ұстаздарының  ұйымдастыруымен  Ораза айт мерекесімен қала тұрғындарын құттықтап, ерекше сый-сияпаттар таратылды. Айттың құрметіне  балалар мен аналарға  түрлі тәттілер мен сыйлықтар үлестірді. Осындай игі шараға дән риза болған  аналар мен балалар мешітіміздің әйелдер жамағатына өз ризашылықтарын  білдірді. Дінімізде  жақыныңа , бауырыңа сыйлық жасау ол белгілі бір мерзімді талап етпейтіні белгілі. Дегенмен осындай игі бастаманың  айт мейрамы  қарсаңында арнайы жасалуы  жастарға, басқаларға үлгі болары сөзсіз. Алла ризашылығы үшін жасалып жатқан игі  шараның , дінімізге  кішкентайда болса ықпалы тиіп, болашақ жастардың  қайырымды болуға, мейірімді болуға назарын  аударып жатса нұр үстіне нұр болар еді. Әрине , мұндай жақсы бастама  әрі қарай да жалғасын табатын болады.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары