Қарағанды облысына қарасты, Жезқазған қалалық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Ораза айт мерекесіне орай дастархан жайылып, Құран оқылды. Айт – мұсылмандардың ұлы мейрамы. Ораза айты — отыз күндік оразаны аман-есен аяқтағаннан кейін, бейне осыған шүкіршілік іспетті шуағы мол мереке. Осыған байланысты жасалынып отырған бұл іс – шарада құран хатым түсіріліп, сұрақ – жауап викториналары болды. Қатысқан әр жанға сыйлықтар үлестіріліп, әр адам басына тәтті шоколадтардан тарту етілді
ihsan.kz
Пікірлер