Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫНДА ЗИРАТ МАҢЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
23 мамыр, 2021 жыл 182 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысына қарасты Абай ауданда жыл сайын өтетін зират маңындағы тазалық жұмыстары биыл да жалғасын тапты. Аудан имамыАманбол қажы Рымқұлұлының ұйымдастыруымен өткен сауапты іске жергілікті жамағат ат салысып, техник жағынан қолдау көрсетті.

Мұсылман әдебінің негізін құрайтын тазалық мәселесіне Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) хадистерінде айрықша мән берген. Соның ішінде, зират басын қоқыстан тазарту бір жағынан өткенімізді құрметтеу болса, екінші жағынан өскелең ұрпақты адамгершілікке, имандылық жолына тәрбиелейтін маңызды амал екендігі даусыз.

Жиналған көпшілік ата-баба, ағайын-туыстары жерленген зираттардың маңайын тазалап,олардың рухына Құран бағыштап, дұға жасады.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары