Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әйел-қыздар арасында волейболдан жарыс өтті (ФОТО)
24 мамыр, 2021 жыл 757 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысына қарасты «Әл Машани» мешіті   Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен волейболдан спорттық сайыс өтті.

Жарысқа Қарағанды қалалық «Әл Машани», қалалық «Балақажы» мешіті, Теміртау орталық «Әлихан Бөкейханұлы» мешіті және «Харекет» қайырымдылық қорының әйел-қыздар жамағаты бақтарын сынады.

Қазылар алқасы мен тамашалауға келген қонақтар әйел-қыздар тартысты ойынның куәсі болды. Нәтижеде «Балақажы» командасының қыздары айқын басымдықпен бірінші орынға ие болды.  Жүлделі екінші орын «Харекет» командасына бұйырса, кезекті үшінші орын «Әлихан Бөкейханұлы» мешітінің командасына тиесілі болды. Барлық қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен естелік кубоктары табыс етілді.

Айта кетсек, Қарағанды қалалық мешіттерінің әйел жамағатымен спорттық сайыстардың өтуі үрдіске айналған болатын. Тек пандемия себепті кежеуілдеп қалған игі дәстүрді Әйел-қыздары секторының ұжымы карантин талаптарын сақтай отырып, қайта қолға алуға ниетті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары