Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАС МҮФТИ ОБЛЫС ИМАМДАРЫН БЕЛСЕНДІ ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ ШАҚЫРДЫ (ФОТО)
07 маусым, 2021 жыл 84 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысына барған ресми сапары барысында Өскемен қаласындағы «Халифа Алтай» мешітінде өңір имамдарымен кездесті.

Басқосуда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы:

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы күнделікті қызмет барысында жеті бағытқа басымдық беріп келеді. Атап айтқанда, ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие, ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс бойынша белсенді қызмет етуге шақырамын. Ең бастысы асыл дініміздің құндылықтарын насихаттап, халықтың рухани сұранысын қанағаттандыруымыз қажет» деді ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу кезінде Бас мүфти Діни басқарманың бастамалары жайлы әңгімелеп, діни қызметті жандандыру мәселесі төңірегінде сөз қозғады.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары