Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірлікке қатысты хадистерін ту еткен Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің дін қызметкерлері және жамағаты қала сыртына серуенге шықты.
Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен жүзеге асқан шараның мақсаты – мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Дала көгінде өткізілген шара барысында түрлі спорттық ойындар ойналып, табиғат аясында ақ дастархан жайылып, имамдар кішігірім уағыз-насихаттар айтты.
«Бұл – дін қызметкерлерінің, жамағаттың ынтымағы мен береке-бірлігін арттыратын серуен болды. Алдағы уақытта да, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, осындай іс-шаралар санын көбейтпекпіз. Алла баршамызға жар болсын!», деді Естай Айтуғанұлы.
Пікірлер