Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ВЕЛО СПОРТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
13 маусым, 2021 жыл 115 Басып шығару нұсқасы

«Тәні саудың жаны сау дейді емес пе қазақта?!» Ислам діні де өз қоғамын қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы мәселеге байланысты: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», – деген (Имам Мүслім).
Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің дін қызметкерлері мен жамағаты спорттың ішіндегі велосипед арқылы шынығу түрін қолға алып, салауатты өмір салтын насихаттады. Велосипед арқылы бірнеше қашықтыққа жол тартып, табиғат аясында таза ауада аялдама ұйымдастырып, дене шыныкқтырды. Мұндай шынығу түрі әсіресе мешіттің қарт жамағатына ерекше пайдалы. 
Басқа бір хадисте пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, сенің Раббыңда сенен ақысы бар және сенің денеңнің сенен ақысы бар, және сенің әйеліңнің сенен ақысы бар, және сенің қонағыңның сенен ақысы бар, сол үшін сен ақысы барлардың ақысына жауап бер», – дейді (Әл-Бұхари, имам Мүслім). Демек, спорт – ағзаларымыздың ақысы. Ол денемізді шынықтыру арқылы өтелмек. Ендеше, «спорт – денсаулық кепілі» дей келе барша жандарды салауатты өмір салтын ұстануға шакырамыз. 

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары