Ешқандай қоспасыз таза ұн.Таза, табиғи бидай ұнынан, зиянды қоспаларсыз өндірілетін «АКЖАЙЫК 2011» ЖШС-ның «Дильназ», «Ақжайық», «Інжу» бидай ұн өндірісі - «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды. Қарағанды облысына жүргізілген бақылау-қадағалау шаралары барысында, «Халал Даму» ЖШС-ның жауапты мамандары арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорынның қызмет барысы мен өндіріс жұмыстарын толық қадағалап, өнімдерін сараптамадан өткізді. Толық бақылаудан өткен өндіріс орнына ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. «ҚМДБ халал» таңбасымен шығарылатын «Дильназ», «Ақжайық», «Інжу» наубайханалық ұндарын дүкен сөрелерінен таба аласыздар. Мекен-жайы:Қарағанды қаласы, асфальтная көшесі, 16\4.
ihsan.kz
Пікірлер