Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАЛҚАШТА 810 КЕЛІ ЕТ ПЕН АЗЫҚ ТҮЛІК ҮЛЕСТІРІЛДІ
26 шілде, 2021 жыл 155 Басып шығару нұсқасы

 

Қасиетті Құрбан айтта Балқаш қалалық мешітінің  дін қызметкерлері кезекті ұйымдастыру жұмысының барысында  карантинді шектеулерді ескеріп, санитарлық талаптарды сақтай отыра  діни рәсімді жоғары деңгейде өткізді. Құрбандық шалу рәсімі  қалалық  ет комбинатында бір жерде ғана өтті.  «Жақыныңа жанашыр бол» қайырымдылық шарасы бұл жолы да  өз жалғасын тапты. Балқаш қаласы бойынша құрбандықтың еті мұқтаж отбасыларына тізім бойынша таратылып берілді. Қайырымдылық шарасы барысында еріктілер және мешіт қызметкерлері бірлесе жұмыс жасады. Нәтижесінде 185 отбасына  810 кг етпен  жалпы соммасы 1850000 ( миллион сегіз жүз елу мың ) теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Карантиндік шектеу шараларына қарамастан  халықтың ықылас, ниеті онлайн құрбандыққа тапсырыс беріп, құрбан шалушылар саны да артпаса кеміген жоқ.  Сонымен қатар, Балқаш қалалық мешіті  әлеуметтік ең төмен қамтылған 35 отбасына құрбандықтың етімен қоса бір айлық азық-түлікпен    қайырымдылық көмегін жасап, мұқтаждың мұңымен бөлісіп, балаларына тәтті күлкі сыйлады.

Балқаш қалалық мешітінің ұжымы қасиетті Құрбан айтта қайырымдылыққа белсене ат салысып,үлес қосқан барша ағайынға ,бастан –аяқ қызметте жүрген   ерікті бауырларымызға  ризашылықтарын білдіріп, зор алғыс айтады.

       Құрбандықтарыңыз қабыл болсын, ағайын!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары