Жезқазған қалалық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітімен «JYLU JUREK GROUP» қайырымдылық қоры бірігіп «Құрбан айт» мұсылмандар мерекесіне орай жағдайы нашар отбасыларға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Бұл іс – шарада Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы 100 отбасыға азық – түлік таратылып, қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, қайырымдылық акциясының барысында «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің имамы Омаров Нұрперзент Еламанұлы «Құрбан айт» мерекесінің ұлылығын атап өтіп, осы күндері көмек қажетсінгендерге қолғабыс көрсетудің маңыздылығына тоқталды. Іс-шара соңында көмек алған отбасылардың баршасы аталмыш акцияның ұйымдастырушыларына өздерінің ризашылығын білдірді.
ihsan.kz
Пікірлер