Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ЕРКІНДІК АУЫЛЫ 400 ОРАМА ШӨП ЖІБЕРДІ
26 шілде, 2021 жыл 241 Басып шығару нұсқасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды, оны сатпайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Алла Тағала да қиямет күні оның айыбын жасырады», – деп  айтты» делінген.

Елімізде жауын – шашынның аз болуынан жерге шыққан көктің тапшылық етуі, еліміздің бірқатар өңіріндегі мал шаруашылығына кері әсерін бермей қоймады. Қуаңшылықтың салдарынан көптеген мал басы зардап шеккен болатын. Осы орайда, уақытша сынақ пен қиындықты бастан кешіп жатқан қандас бауырларымызға жәрдем беру мақсатында Қарағанды облысына қарасты, Шет ауданы Еркіндік ауылының азаматы көмекке мұқтаж аймақтарға 400 орама шөп жіберді. Қайырымдылық ісін жасаған азамат өзінің аты-жөнін жария қылмауды өтінді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары