ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Әл – Машани» мешітінің ұстаздар қауымының ұйымдастыруымен қасиетті Құрбан Айт мейрамына орай берекелі шара ұйымдастырылды. Шара барысында ақ жаулықты апалар мен әйел-қыз-келіншектер бас қосып, Ұлық мейрамның құндылықтары мен маңызы туралы уағыз-насихат тыңдап, рухани кештің құрметті қонағы болды. Келелі кездесу барысында мешіт ұстаздары Бақытгүл Жикенова және Ақназарова Гүлжазира ұстаз жиылған әйелдер жамағатына уағыз-насихат айтып, дін мен дәстүр аясында викториналық ойын ұйымдастырды. Қатысушылардың тарапынан туындаған өзекті сұрақтарға жауап беріліп, игі насихат айтылды. Шараға құрметті қонақ ретінде қатысқан «Әнет баба» мешітінің ұстазды, «Әйел-қыздар» секторының жауапты жетекшісі Бакирова Арай Серғалиқызы рухани кездесуде өзінің әйелдер жамағатына арналған кезекті уағыз-насихатын айтып, ақ жаулықты әжелер мен аналар қауымына өзінің өзек жарды тілегін жеткізді.
ihsan.kz
Пікірлер