Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ
05 тамыз, 2021 жыл 89 Басып шығару нұсқасы

Мұхаммед Мұстафаны (с.ғ.с.) жақсы көру – мұсылмандардың пайғамбарларға деген борыштарының бірі. Өйткені Алла Тағала Құранда ата-ана, ұрпақ, мал-мүлік, кәсіп сияқты нәрселерді жақсы көру Алла мен Пайғамбардан артық болмау керектігін баяндайды. Демек, Алла мен Пайғамбарды жақсы көру барлық нәрседен жоғары тұруға тиіс. Пайғамбарды жақсы көру үшін ең алдымен Оны тану керек.
Осы орайда Қарағанды облысына қарасты Жанаарка аудандық "Халық" мешітінің наиб имамы Әдіхан Әділеттің ұйымдастыруымен Ескене ауылында рухани шара болып өтті. Екі дүние сардары, пайғамбарымыз Мұхаммедтің(с.а.с) өмір дастаны бойынша  әйелдер жамағаты арасында сайыс өтіп қатысушылар түрлі сұрақтарға жауап берді. 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары