Қарағанды облысына қарасты Абай ауданы, Жұмабек ауылында жаңадан бой көтеріп келе жатқан мешіттің құрылыс жұмыстарына Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің найб имамы Қоныскерей Құмар арнайы келіп, қызмет барысымен танысты. Облыстан арнайы келген имамды Абай аудандық мешіттің имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы қарсы алып, мешіттің ішкі және сыртқы жұмыстарымен таныстырды. Мешіттің бірінші қабатында 150-200 адамға арналған асханасы орналасқан. Ғимараттың барлық құжаттары да дайын. Мешіт құрылысы толығымен аяқталды. Еңдігі кезекте тек қосалқы шаруаларғ яғни, мәйітхана, дәретхана т.б халыққа қызмет ететін құрылыс жұмыстары басталды.
ihsan.kz
Пікірлер