Бүгін - Халықаралық жастар күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конференциясының ұсынысы бойынша бекіткен.
Айтулы мереке қарсаңында, жастар күніне орай арнайы Қарағанды қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қарағанды облысының белсенді жастарының көшбасшыларымен келелі кездесу өтті. Мерекелік кездесуге Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының жауапты өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы қатысып, қала әкімі Ермағанбет Қабдоллаұлы Бөлекбаев мырзаның арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының бастамасымен аймағымызда жыл басынан бері жастар мен еріктілер тобын жұмылдыру арқылы көптеген игі іс-шаралар өтіп, қайырымдылық шаралары жүзеге асқан болатын. Мұндағы мақсат, жастарды ұйымшылдыққа баулып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ендеше, ел келешегінің алтын көпірі саналатын халықаралық Жастар күні құтты болсын! Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында.
ihsan.kz
Пікірлер