Қарағанды шахарында кезекті мекеме «Халал Даму» ЖШС-нің арнайы тексерісінен өтті. Бұл жолы «Business Industry» ЖК «BUSINESS FOOD HAUSE» дәмханасына бақылау жұмыстары өткізілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс тексерілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер