Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Нәтиже» сүт фабрикасы тексерілді
04 қыркүйек, 2021 жыл 127 Басып шығару нұсқасы

Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Қарағанды қаласы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов пен сарапшы-технолог Айзат Ермекқызы Natige Milk сауда белгісімен танылған сүт фабрика қызметкерлеріне  «Халал мен харам» жайында семинар өткізді.

Оқу-семинар барысында халалдың маңыздылығы, халал стандарт бойынша өнім өндірудің тиімділігі мен артықшылығы, «Е тағамдық қоспалары»,  халал азық тұтынудың пайдасы, харамның ұлт болашағы мен дінімізге, өскелең ұрпаққа, адам денсаулығына зияны жөнінде тоқталып, құнды ақпараттар берілді.

Фабрика қызметкерлері өздерін толғандыратын сұрақтарды қойып,  тұщымды жауаптар алды. Құнды ақпараттарымен бөліскен халал бөлімінің мамандарына ризашылықтарын білдірді. Оқу-семинардан кейін сүт фабрикасында кезекті айлық тексеріс жұмысы жүргізілді. Тексеріс барысында фабриканың барлық жұмыстарында халал стандарт талаптарының сақталуы басты назарға алынды.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары