Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің сарапшы-технологы Айзат Ермекқызы Қарағанды шаһарындағы кәсіпкерлерге «Халал мен харам» жайында семинар өткізді. Шара Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде өтті.
Оқу-семинар барысында халалдың маңыздылығы, халал стандарт бойынша өнім өндірудің тиімділігі мен артықшылығы, «Е тағамдық қоспалары», халал азық тұтынудың пайдасы, харамның ұлт болашағы мен дінімізге, өскелең ұрпаққа, адам денсаулығына зияны жөнінде тоқталып, құнды ақпараттар берілді.
Кәсіпкерлер өздерін толғандыратын сұрақтарды қойып, тұщымды жауаптар алды. Құнды ақпараттарымен бөліскен халал бөлімінің мамандарына ризашылықтарын білдірді.
ihsan.kz
Пікірлер