Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің жанынан жұмысын бастаған «Жаназа және жерлеу» рәсімдері, «Зират және зиярат» бағыттары жергілікті тұрғындарға консультаиялық, сервистік қызмет көрсетуде.
Былтыр елордада өткен республикалық имамдар форумында “Зират және зиярат құжатының” қабылданғаны белгілі. Аталмыш құжаттың басты мақсаты – жаназа, жерлеу, ас беру мәселесіндегі дәстүр, әдеттерді бір ізге түсіру. Еске сала кетелік, “Қамқор – Шарапат” орталығына Қарағанды облысы бойынша жауапты өкіл болып Бақдәулет Қыдырбайұлы бекітілген болатын.
Осы орайда, Қарағанды облысына қарасты Сұрыптау кентінде “Қамқор – Шарапат” салттық қызмет көрсету жұмыстары пысықталды.
Шара барысында аймақтың зират жұмыстары қадағаланып, жергілікті тұрғындарға қажетсіз шығындардан, аста-төктіктен арылуға шақыратын насихат жүргізілді.
ihsan.kz
Пікірлер