ҚМДБ-ның Қарағанды облысы, Нұра аудандық мешітінің қызметкерлер құрамы жаңа молдамен толықты. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен қызметке тағайындалып жатқан Ашкенов Медетті мешіт имамы қасиетті жұма күні жамағат алдында қызметке тағайындап, халыққа таныстырып, қызмет ету жолында Өзінің тілегі мен батасын берді. Қызметке жаңадан тағайындаған дін қызметкері бұған дейін Жараспай ауылдық мешітінің имамы қызметін атқарған.
Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны үйреткендерің», – деген. Сауапты һәм берекелі қызметке тағайындалған ұстазға мешіт қызметкерлері мен жамағаты нәтижелі жұмыс пен сәттілік тіледі.
Пікірлер