Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАНДА КЕЗЕКТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
13 қыркүйек, 2021 жыл 145 Басып шығару нұсқасы

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Бүгін Жезқазған қаласының «Ахмет Ишан  Оразайұлы» мешітімен «JYLY JUREK GROUP» қайырымдылық қоры бірігіп «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды. Бұл акцияның басты мақсаты жағдайы төмен, аз қамтылған балаларға көмек қолын созып, санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу. Бұл акцияның барысында балаларға киім – кешекпен, аяқ – киімдер табыс етілді.  Осы іс – шараға қатысып, балаларға қуаныш сыйлап жатқан барша жандарға ризашылығымызды білдіріп, Алланың нұры жаусын!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары