Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАС МҮФТИ САРАЙШЫҚТА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАДЫ (ФОТО)
17 қыркүйек, 2021 жыл 64 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған сапарында Махамбет ауданындағы Сарайшық ауылында жаңа мешіттің іргетасын қалады.

Салтанатты жиында Бас мүфти: «Халқымызда: «Азаны бар ауыл азбайды» деген жақсы сөз бар. Мешіт – тек құлшылық үйі емес, күллі жақсылықтардың тоғысқан мейірімділік мекені. Іргетасы қаланған жаңа мешіт Сарайшық ауылының рухани ордасына айналады деп сенемін. Киелі өңірге келушілер де осы мешіттен рухани қуат алып кетеді деген ниеттеміз. Алла Тағала еліміз бен жерімізге игілігі мен жақсылығын нәсіп етсін» деді.

Айта кетсек, іргетасы қаланған жаңа мешітте бір мезетте 300 адам құлшылығын өтей алады. Мешіт құрылысы келесі жылы аяқталмақ.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары