Қарағанды облысы, Абай ауданы мешітінің имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы Қарқаралы ауданында бірнеше кездесу өткізді. Алдымен полиция бөлімінің жеке құрамымен оффлайн кездесу өткізді. Кездесуге Қарқаралы ауданының «Жастар ресурстық» орталығының мамандары А.М.Хасенов, Ж.Ө.Бейсенқұлова, О.М.Назымбек, аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары, полиция подполковнигі С.Қ.Спанов қатысты. Екінші кездесу Қарқаралы ауданының «Жастар ресурстық орталығы», Қарқаралы қаласы мәдениет үйі қызметкелерімен өтті. Келелі кездесуде «Ислам құндылықтары мен ұлттық дәстүрдің сабақтастығы» тақырыбы қозғалды. Шараға «Жастар ресурстық орталығы», Конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау секторының меңгерушісі А.М.Хасенов, Қарқаралы ауданының «Құнанбай қажы» мешітінің имамы М.К.Кублайханов қатысып, уағыз-насихат айтты.
ihsan.kz
Пікірлер