Қайырымдылық – адамның көмекке шын мұқтаж жандарға қолұшын соза білетін ең асыл қасиеттерінің бірі. Себебі, айналасына мейірімділік таныту – адамгершіліктің белгісі. Халқымыз да: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деп тегін айтпаса керек. Асыл дініміз Ислам да қайырымдылыққа бұйырады. Осы орайда, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Құнанбай қажы» мешіті әлеуметтік көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі апаның үйіне су құбыры жүргізді. Игі шара аймақтың жомарт жамағатының ат салысып, демеушілік етуімен жүзеге асты.
ihsan.kz
Пікірлер