Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«ХАЛЫҚ» МЕШІТІ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
27 қыркүйек, 2021 жыл 114 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы «Халық» мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның 30 жылдық мерей-тойына орай жастар арасында қазақ күресінен сайыс өтті. Жас жеткіншектер арасында жүзеге асқан сайыс аймақтың спорт кешенінде өтті. Жастардың басын біріктіріп, қазақ күресінің тамырын тереңдетіп, кең дамуына үлес қосуды басты мақсат санайтын мешіттің нарқасқа азаматтары бозкілемде айқасқан талантты жастарға сый-сыяпат көрсетті. Жүлделі орындарға ие болған спортшы жеткіншектерге мақтау қағаздары мен ынталандыру сыйлықтарын табыс етілді. Осындай игі шараны ұйымдастарған мешіт  имамы Қанай Асхатқа халық ризашылық танытты. Елдің ертеңі болар жастар әрдайым халық назарынан тыс қалмақ емес. Бұл сайыс спортшылардың ынта-жігерін оятып, қазақ күресіне деген қызығушылығын арттырды.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары