Қарағанды облысы Абай ауданы орталық мешіті имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы басқару бақылау бағыты бойынша аудандағы ауыл мешіттеріне барды. Атап айтқанда Құлайғыр, Топар, Қарабас мешіттері жылу маусымына дайындық шараларын көріп біліп қайтты. Топар кенті мешітінде орталық қазандықтың жылу жүйесі қосылған. «Құлайғыр» ауылы мешітіне ауыл әкімі А. Абишевтін көмегімен заманауи апталық катёл пеш орнатылуда. Сонымен қатар, «Қарабас» ауылы мешітіне бйыл аудан әкімі Бауыржан Қонырбайұлы Асановтың қолдауымен жылу жүйесі толық жаңартылып, қысқы көмірмен қамтамасыз етілген. Атымтай жомарт елдің қамында жүрген азаматтарға аудан имамы алғысын білдірді
ihsan.kz
Пікірлер