Қарттар күніне орай Қарағанды облысына қарасты Жайрем кенті мешіті «Қарттарым - асыл қазынам» қайырымдылық акциясы аясында іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында аймақ имамы Ақмағанбет Мурсали Қаленұлының қатысуымен жалғыз басты бес қарияның үйіне азық түлік үлестірілді. Игі істі жүзеге асырып, мұрындық болған мешіт қызметкерлеріне қариялардың тарапынан алғыс айтылып, ризашылықтарын білдірді.
ihsan.kz
Пікірлер