Қарағанды облысына қарасты Жезқазған қалалық «Ахмет Ишан Оразайұлы" мешіті «jyly_jurek_group» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, «oina_land» отбасылық кешенінде жағдайы төмен 40 балаға арнап мерекелік іс - шара ұйымдастырды. «Өмірдің бір қызығы – бала демекші», бұл күні балалардың көңілін барынша көтеріп, тәтті тағамдар ұсынылды. «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің»,- дейді. Талай жанның көңіліне медеу, жүрегіне қуаныш сыйлаған осынау сауапты іске үлес қосқан барша азаматқа Алланың амандығы мен берекетін тілейміз.
ihsan.kz
Пікірлер