Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды: Тәжірибелі теолог семинар өткізді
15 қазан, 2021 жыл 159 Басып шығару нұсқасы

Нұр-Мүбарак университеті Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры, теолог Тимур Нүсіпханұлы Арқа өңірінің 30 шақты маманына екі күндік арнайы дәріс өткізуде.

Бүгінде елімізде діни тұрақтылықты нығайту, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу, тағы да өзге діни түйткілдер өзекті күйінде. Себебі ел ішінде тыныштық сақталғанымен, аталған мәселелер ақырындап тамыр жайып, ел болашағына қауіп төндіретіні тарих беттерінен белгілі.

Осы орайда тәжірибелі теолог Тимур Нүсіпхан аймақтағы мамандарға қажетті біліммен қатар, өмірде кездесетін түрлі ситуациялық жағдайларға қатысты ақпараттарды қамтып, оңалту жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдері талқылады.

Дәріс Қарағанды облысының Дін істері басқармасының ұйымдастырумен аймақтағы діни оңалту саласында қызмет ететін имам, теолог, қылмыстық атқару жүйесі, тағы өзге жергілікті ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелеріне арналды. Сонымен қатар «Жусан» гуманитарлық операциясы арқылы елге оралып, жазасын өтеп жатқан абақтыдағы азамтармен де түсіндіру жұмыстары жүргізілмек.  

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары