18-қазан – ұлты мен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бүгінгі мереке бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі болып табылады. Бұл мерекенің арнайы аталып өтуі елімізде бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен сенімділік, ауызбіршілік пен сыйластық орнату.
Қарағанды облыстық «Әнет Баба» мешітінің наиб имамы Асылхан Нұртайұлы Рухани келісім күніне орай Шет агротехникалық колледжінің студенттері мен "Ислам дінінде рухани келісімнің қандай маңызы бар?"-атты тақырыпта кездесу ұйымдастырды. Келелі кездесу барысында болашақ маман иелерінің тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді.
ihsan.kz
Пікірлер