Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Балқаш қаласында студенттермен кездесу өтті
18 қазан, 2021 жыл 104 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Балқаш қаласының  «Тарихи өлкетану» мұражайында  келелі кездесу өтті. Кездесуге  Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы  Валиев Ахмадулла арнайы қатысып, колледж  студенттерімен  «Ислам құндылықтары» тақырыбында ауқымды сұхбат өткізді. Қасиетті Құранда «Бір-бірлеріңе ізгі істерде, тақуалықта көмектесіңдер. Күнә жасауға, дұшпандыққа жәрдемші болмаңдар...»-деген аяттың  аясында жастарды  бірлік пен  татулыққа ,ұлтжанды  болуға, Отанға адал қызмет етуге шақырды. Жалпы , Рухани келісім мен дінаралық татуластықтың  еліміздің бірлігі мен  өркениетті қоғам  қалыптастырудың  бірден бір маңызды бөлігі екенін басып айтты.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары